Қазақстан Республтикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 1279 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 наурыздағы № 393 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Табиғи монополиялар салаларындағы тарифтік саясатты жетілдіру жөніндегі шаралар кешенін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 1279 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Табиғи монополиялар салаларында тарифтік саясатты жетілдіру жөніндегі шаралар кешенінде:
«Шаралар кешенін дамытудың негізгі бағыттары және іске асыру тетігі» деген 5-бөлімнің «Реттеудің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру» деген кіші бөлімінде:
бірінші абзацта:
бірінші сөйлемде «Заңының жаңа редакциясын» деген сөздер «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші сөйлемде «Заңның жаңа редакциясы» деген сөздер «Осы Заң жобасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақшада «Заңының жаңа редакциясын» деген сөздер «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Шаралар кешенін іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары» деген 8-бөлімде:
реттік нөмірі 9-жолда:
2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу»;
5-бағанда «І тоқсан» деген сөздер «IV тоқсан» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |